Қазақстанда киберқылмыс өршіп барады дейді ресми статистика. Интернетті пайдаланып жасалатын алаяқтық саны былтырғыдан 9 пайыз көбейген. Жыл басынан бері қылмыскерлер 25 млрд теңге жымқырған. Билік арнаулы бөлім ашып, күресті күшейткенімен, алаяқтардың жолын кесу мүмкін болмай отырғанын мойындайды.