Орталық Азияда қыз балаларды ерте жаста некеге мәжбүрлеу – күрделі мәселе. Мектептегі емтиханның орнын шариғат жолымен неке қию алмастырып, жасөспірім қыздар ауыр жағдайға тап болады. Сарапшылар мәселенің түп-тамыры ескі дәстүр, экономикалық қиындықтар мен гендерлік кемсітушілікте жатқанын айтады.